Дереккөз: www.24.kz

495fa67b77cd6a553e26a16a773521ce_L

Ақтауда «Қазазот» зауыты кешенді жаңғыртудан өтіп жатыр.

Жақында бұл жерде аммиакты кәдеге жарататын құрылғы орнатылып, газ-піспек электр стансасы салынады. Бұл аммиак пен азот минералды тыңайтқыштардың өндірісін жылына 400 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қазазот – Қазақстандағы химия өндірісіндегі жетекші кәсіпорындарының бірі. Аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз зауыт. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнда өндірілетін азот минералды тыңайтқыштардың экспорты 35 мың тоннаны құрады. Ал жыл соңында бұл көрсеткіш екі есе өседі деп күтілуде.

Ерлан Құдашев, аммиак өндірісі бойынша цех басшысы:

– Бұл цехта дәл қазір 120 адамдай жұмыс істейді. 4 ауысым бар. Әр ауысымда 10-12 адамнан. Күнделікті 24 сағат бойы тоқтамай жұмыс жасайды.

10 жыл бұрын бұл жер құлдырап тұрған болатын. Жұмысшылар бірнеше ай жалақысын ала алмай әлек болды. Ал 2011 жылы кәсіпорын Индустриаландыру картасына еніп, екінші тынысы ашылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында зауытты қалпына келтіру үшін 9 млрд теңгеден астам ақша бөлінген болатын. Қазір өңірдегі ең ірі химия кешені «Шағырлы-Шөмішті» кен орнынан тасымалданатын табиғи газбен қамтылған. Бүгінде зауытта кешенді модернизация жүріп жатыр.

Кеңес Ұрақов, зауыт директоры:

– Алдымен 40 мегаваттық газ-піспек стансасын іске қосу жоспарда бар. Кейін танктен үрлеп тазартатын, газдан аммиак алатын құрылғы мен жазылу мұнарасын салуды көздеп отырмыз. Мұның бәрі өнім сапасын арттырып, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Енді жылына 350-380 мың тонна өнім аламыз.

Бұл мақсатқа 56 млрд теңге бағытталған. Оның 70 пайызын Қазақстанның даму банкі береді. Қарыз мерзімі 10 жыл. Айту кеткен жөн, жоба Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Авторлары: Ж.Біркенов, Т.Степанова, С.Бекбаев.