ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат –   «Майкубен Вест»  ЖШС көмір өндіретін кәсіпорынына табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін   5,6 млн. теңге айыппұл салды, деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы   Айымгүл Ермулатова.

Прокуратураның экологиялық заңды қолдануына жүргізген талдауда «Майкубен Вест»  ЖШС 2015 жылғы ақпаннан бастап осы жылғы ақпанға дейін қоршаған ортаға шығарынды  тастауға рұқсат беретін құжаттарсыз  жұмыс істеп келген.

Прокуратура ұсынысымен Экология департаменті табиғат  пайдаланушыны 5,6 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Кәсіпорынға сондай-ақ 15,7 млн теңге экономикалық шығын жазылды.

Уәкілетті орган ұсынған соманы кәсіпорын ерікті түрде төледі.

Дерек көзі: www.inform.kz