Дереккөз: Bnews.kz
Бүгін Астанада Финляндия Республикасы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды деп хабарлайды BNews.kz.
Құжатты «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла бекітті.
Кездесу кезінде Ахметжан Есімов фин тарапын көрмені ұйымдастыру және ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету жөніндегі жұмыспен таныстырды. Ұлттық компания басшысы бүгінгі күні көрмеге қатысуды 98 ел және 18 халықаралық ұйым растағандығын айтты.
«Жаңартылған энергия көздерін қолдану саласында Финляндия еуропалық елдер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. ЖЭК дамытудағы біздің тәжірибеміз Көрме қатысушылары мен келушілер үшін қызықты болатындығына сенімдімін», – деді Ахметжан Есімов.
Финляндиядағы жаңартылған энергия көздерінің үлесі 33% құрайды. Осыған орай 2020 жылға қарай ЕО тарапынан Финляндия үшін белгіленген бұл үлесті 38%-ға дейін арттыру мақсаты шынайы болып көрінеді. Биомасса базасында энергия үлесі барлық ЖЭК 80% құрайды. Биоэнергетиканы қолдануды арттыру Финляндияға энергиялық қорлар импортынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, Финляндияның Ұлттық секциясының комиссары Севери Кейняла елдің осындай ауқымды халықаралық іс-шараларға басқа скандинавиялық елдермен бірге қатысқандығын мәлімдеді. Алайда, екі жақты достық қатынастарды және көрменің өзекті тақырыбын ескере отырып, Финляндия өз бетімен қатысу туралы шешім қабылдаған екен.
«Финляндия Республикасының ЭКСПО-2017-ге қатысуы экономикалық түрде тиімді ұйымдастырылады. Фин павильонының шеңберінде біздің жұмыстың нақты мақсатын белгіледік – бұл біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ қазақтандық нарыққа фин бизнес-қауымдастықтары мен энергетикалық компанияларын тарту», – деді Севери Кейняла.