Дереккөз: www.24.kz
Депутаттар бүгін «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Құжат парникті газдың ауаға таралуын төмендетуге бағытталған. Келісімге қол қойған мемлекеттер осы салаға өз үлесін қосу үшін зиянды шығарындылар көлемін қысқартуға міндеттеледі. Бұл орайда халықаралық қаржы ұйымдары жаңа технологияны қолдану үшін қаржылай көмек қолын созады. Бүгінге дейін келісімді 76 ел ратификациялады. Алғашқы жиын Марракеш қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
– 2030 жылға дейін баламалы энергетиканың көздерінен энергия шығаратын 10%-ы тиесілі болады. 2050 жылға дейін 50% түгелімен баламалы энергетика көздерінен шығарылатын болады. Біз оларға нақты механизмдер жасадық. Қазірдің өзінде 48 жасыл энергетика стансалары жұмыс істеп жатыр.