Дереккөз: khabar.kz
2016 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесіне қашаған мұнайының қабылдануы 18,9 мың тоннаны құрады.
Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры (ММ) жүйесіне түсетін мұнай қазанда Атырау-Самара мұнай құбыры учаскесі бойынша экспортқа тасымалданады және 2016 жылғы қарашаның басында Усть-Луга порты арқылы тиеледі, деп хабарлады ұлттық компания.
Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесіне мұнай қабылдау 2016 жылғы 11 қазанда басталғаны атап өтілді.
Анықтама үшін: «ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың шм магистральды мұнай құбырлары және ұзындығы 2 мың шм су таратқыштар желісін басқарады, 8 мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан