Дереккөз: energo.gov.kz
2016 жылдың 14 қарашасында ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары З.Я.Балиеваның, Б.Қ.Хаменованың, М.Б.Теміржановтың, энергетика вице-министрі Ғ.Қ.Сәдібековтің, ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Р.Егізбаевтың, мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Бала және қоршаған орта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің, Еуропа одағының Қазақстандағы өкілдігінің, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысумен «Балаға мейірімді Қазақстан» конференциясы қарсаңында өткізіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылармен БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі Комитетінің үш негізгі бағыттағы ұсынымдарын іске асыру бойынша маңызды мәселелер талқыланды:
1) Қоршаған ортаны қорғау;
2) Арал теңізі мен Семей ядролық полигонының балалар денсаулығына әсер етуі;
3) Топырақ пен судың өнеркәсіптік қалдықтармен, ауылшаруашылық ластағыштарымен және химикаттармен ластануы және олардың балалар денсаулығына әсер етуі.
Дөңгелек үстелдің қорытындысымен ұсынымдар жобасы қалыптастырылып, олар 2016 жылдың 21-22 қарашасында (Астана қ,. Бейбітшілік және келісім сарайы) Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен ЮНИСЕФ-тің 70-жылдығына арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» халықаралық конференциясында «Бала және қоршаған орта» диалогтық алаңында қарастырылады.