Дереккөз: www.24.kz
«ЭКСПО-2017» көрмесіне Малайзия Премьер-министрі Набжиб Тун Разак келеді.
Бұл туралы Малайзия ұлттық секциясының комиссары Доктор Зайни Бин Уджанг мәлімдеді. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәртебелі мейманмен халықаралық көрменің дайындық барысын пысықтап, техникалық мәселелерді талқылады. Доктор Зайни Бин Уджанг осындай деңгейдегі халықаралық шараға қатысуға мүмкіндік алғаны үшін алғыс білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Ахметжан Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы барысында малайзиялықтарға барынша қолдау білдіретіндігін айтып, Малайзия ұлттық павильонының табысталуы жөнінде құжаттарға қол қойды. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым растаған.