Дереккөз:«Астана ЭКСПО-2017»

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан-дырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Ульям Тоддпен кездесті.

Басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов америкалық қонақтарды халықаралық көрмеге дайындық деңгейімен танысырып өтті. Ұлттық компания басшысы 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындығын ресми растағандығын атап өтті. Павильондарды халықаралық қатысушыларға тапсыру бойынша белсенді жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Айталық, халықаралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Сонымен қатар, АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 құрлысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды.

«Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмысымен таныстық. Ұйымдастырушылардың ауқымды еңбегінің куәсі болдық. Халықаралық қауымдастықтың көрмеге деген үлкен қызығушылығы байқалады. Сондықтан дүние жүзіндегі технологиялық лидер ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінде абыройлы қатысуы үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», – деді Тодд Ульям.

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

16709371_1302871316460029_1942908492_o