Дереккөз: www.24.kz
Иорданияда бас сауғалаған 20 мыңнан аса сириялық босқын үшін күн сәулесін электр қуатына айналдыратын станса салынды.
2014 жылы құрылған лагерьде электр қуатымен қамтамасыз ететін тұрақты жүйе болмаған. Күн батысымен босқындар қараңғыда отыруға мәжбүр еді. Кір жуу, тамақ дайындау, азық-түлікті сақтау мен балаларын оқыту қиынға соғатын. Сондай-ақ стансаның құрылысы 50 босқынды жұмыспен қамтамасыз етті. Құрылыс біткеннен кейін де біразы жұмысын сақтап қалды. Жалпы босқындар қуанышында шек жоқ.