Дереккөз: www.24.kz

757f9f296cd522669165ee79e03ddf2d_l

Бүгін EXPO көрмесінің өтіп жатқанына 21 күн болды.

Осы уақыт ішінде бірқатар мемлекет ұлттық күнін өткізіп, өздерінің баламалы энергияға қатысты жобаларымен таныстырып үлгерді. Сомали Республикасы да жасыл энергетиканы қолдайды. Бүгін – бұл елдің ұлттық күні.

Сомалидің ұлттық күні шарасы әдеттегідей екі елдің әнұрандарының орындалуымен басталды. Қос тараптың ресми өкілдері EXPO-ның маңыздылығын атап өтті.

Сомали – ән мен биді сүйетін өте көңілді халық. Сондықтан олардың танымал әншісі Никосова осы шарада жиналғандарға елдерінің дәстүрлі әуендеріне негізделген афро-поп әндерін орындады.

Жалпы Сомали – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Ол Джибути, Кения, Эфиопия елдерімен шектеседі. Астанасы – Могадишо.

1960 жылдың 1 шілдесінде Сомалиленд мемлекетімен Сомали бірігіп, «Сомали» мемлекеті деп аталды. Қазір ол – федеративтік республика.

Мемлекет жиі құрғақшылыққа душар болғандықтан, баламалы энергияға аса мұқтаж ел. Олар осы жасыл энергетика саласында көшбасшы болып тұрған елдерден көбірек үйренсек, іс-тәжірибе алсақ дейді.

Сомали делегациясын бастап келген Абдоллахи Юсуф Мұхаммед мырза EXPO 2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырылуына аса жоғары бағасын берді. Олар павильонын «Жаңғыртылған энергия – байлықтың көзі» деп атаған.