Дереккөз: www.24.kz

af11d06f25df19y7512650b40d0dc4ce8ea848_l

Ақмола облысында еліміздегі ең ірі құс фабрикасы салынып жатыр.

Бұланды ауданында бой көтеріп жатқан өндіріс ошағы жылына 50 мың тонна құс етін өндіре алады. Бұл – ұлт жоспарында айтылған маңызды міндеттердің бірі. Жобаның жалпы құны – 45 млрд теңге. Ал оның 5 млрд теңгесіне мемлекет инфрақұрылым тартып береді. «Нысанды салушы компания биыл 17 млрд теңге қаржыны игеріп, құрылыстың біраз бөлігін бітіреміз», – деп отыр. Фабрика келесі жылдың күзінде іске қосылады. Бұл ірі жоба Астана маңындағы  азық-түлік  белдеуіне қызмет етіп қана қоймай, еліміздің барлық өңіріне құс етін жеткізумен қатар, өз өнімдерін экспортқа да шығармақ. Ең бастысы, мұнда 800-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Енді инвесторлар «тың жобаның тиімді жұмыс істеуіне Үкімет барынша жағдай жасаса», – дейді.

Серік Толықбаев, компанияның бас директоры:

– Даму банкі несие беріп отыр. Жоба іске асып жатыр. Ойдағыдай бәрі. Ақша жеткілікті. Бұл – үлкен жоба. Жоба іске асу үшін 20-30% көлемінде инвестициялық субсидия берілсе дұрыс болар еді.