Дереккөз: www.24.kz

72d00d6b39320f29511ddedc351d01d3_l

Жамбыл облысында егін орағы аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар қазір егіс алқаптарының 80 пайызға жуығын орып болды. Кейбір шаруалар  әр гектардан 40 центнерден астам өнім жинап жатыр. Олар мұндай жетістікке отандық ғалымдар шығарған тұқым мен жаңа заманауи техниканың арқасында қол жеткізген.

Жамбылдық диқандар соңғы жылдары тұқым сапасына аса мән беріп келеді. Ғалымдармен тығыз жұмыс істеп, соның арқасында өнімділікті еселеп отыр. Мәселен, биыл «Стекловидная-24» күздік бидай тұқымын сепкен шаруалар гектарынан 55 центнерге дейін өнім алмақ. Сондай-ақ жаздық бидай мен арпаның өзге де түрлерін егіп, тәжірибе жасап жатыр.

Харадин Бадалов, агроном:

– Биыл 289 гектар супер элита тұқымды арпамызды сеуіп қойдық. Бәрінен 42 центнерден аламыз. Сынадан басқа бір сорт бар «сымбат» деген сорт. Алматыдан алғанбыз, одан 39 центнерден алдық өнім.

Аймақта, әсіресе Меркі ауданында егін бітік шыққан. Өткен жылы мұнда гектарынан 28 центнерден өнім алынса, биыл әр гектардан кемінде 40 центнер деп отыр. Жергілікті шаруалар техниканы жаңалап, науқанға тыңғылықты дайындалған. Қазір олар егінді дер кезінде қамбаға құю үшін күндіз-түні еңбектенуде.

Ернұр Демесінов, механизатор:

– Потерия жоқ. Бір күнде 40 гектар 45 гектарға шейін орамыз. Таңғы сағат 5-тен 5 жарымнан бастаймыз. Түнгі сағат 10-11-ге дейін жұмыс уақытысы. Компьютер бәрін көрсетіп тұрады. Қанша өнім түсіп жатқаны. Қанша гектар шапқанымыз кешіне қарай бәрін есептеп береді.

Қазір облыстағы егіс алқаптарында мыңға жуық комбайн тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Жақында тағы осындай 9 жаңа машина сатып алынған. Жалпы жыл басынан бері 815 миллион теңгеге 140 ауылшаруашылық техникалары әкелінген.

Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімі:

– Көбісі алып жатқаны Германиядан алып келетін. Джондир, Класс дегендер. 190 мың евроға алады. Мынаның сапасы одан кем емес. Бағасы да тиімді. Одан бөлек бізде Белорусияда бізде бауырластық арқылы жұмыс істейміз. Міне, сол зауыттан солар біздің Шу локомативное зауытта сол комбайндар жинап жатыр.

Жалпы өңірде 258 мың гектар жерге масақты дәнді дақыл себілген. Бүгінгі күні оның 200 мың гектарға жуығы орылды. Орташа өнімділік гектарынан 21,8 центнерді құрайды. Нақты түсім 422 369 тонна болып отыр. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының айтуынша енді 10 күнде егін орығы толық аяқтала

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ақатіллә