Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ, «Өскемен құсфабрикасы» АҚ, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шараларды жоспарлау бойынша соңғы өзгертулер мен толықтырулар;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;
- ҚОӘБ жүргізу рәсімі. Жобалық құжат құрамындағы қалдықтарды басқару бағдарламасы;
- Экологиялық сақтандыру;
- Экологиялық басқару және т.б.
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна– ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.