2017 жылдың 31 қазанында Астана қаласында «Экологиялық ақпаратты тарату және пайдалану мақсатында орхус орталықтарының әлеуетін арттыру» атты семинар болып өтті.
Семинар Қазақтандағы Орхус қозғалысын дамытудың Стратегиялық жоспарын талқылау, сонымен қатар ЛШТТ бойынша ақпаратты таратуда Орхус орталықтарының әлеуетін арттыру мақсатында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының қолдауымен, «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинарға ҚР Энергетика миинистрлігінің, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының, аймақтық Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Семинардың бірінші сессиясына Қазақстанның Орхус қозғалысының Даму бағдарламасы ұсынылды. Қатысушылар қоғамдық ақпараттық орталықтың құрылуы, онлайн-конференцияны өткізу, іс-шараларды орындау міндеттемелерін өзіне алуға даяр Бағдарлама қатысушыларының меморандум қорытындысы кіретін бағдарламаның жүзеге асырылу механизмдерін талқылады.
Орхус орталықтары мен ҮЕҰ өкілдері тәжірибелік сабақтар барысында Орхус орталықтарының қызметіне қаржыны тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қатысушылар жеке сессия шеңберінде «жасыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда ЛШТТ-ның мәнін және Қазақстан Республикасында халықаралық міндеттемелердің орындалуын, ЛШТТ ақпаратына жұртшылықтың қол жетімділік Ұлттық стратегиясын, сонымен қатар ЛШТТ деректерін тарату мен пайдаланудағы Орхус орталықтарының рөлін талқылады.
«Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, халықаралық сарапшы, «Арника» (Чехия) ҮЕҰ жобасының үйлестірушісі – Мартин Скальский ЛШТТ ақпаратты тарату мен қолданудың халықаралық тәжірибесін ұсынды, Чехияда ЛШТТ дамытудағы «Арника» ҮЕҰ-ның үздік тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар ірі ластауыштар шығарындыларын азайтуда ЛШТТ-ның тигізетін көмегі туралы әңгімелеп берді.
Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері талқылау барысында белсенділік танытты және Қазақстанда ЛШТТ-ның алға басуына ықпал етуге дайын екендіктерін көрсетті.
Қазақстанның Орхус қозғалысы дамыту бағдарламасының жобасымен мына жерден алуға болады. Бағдарлама жобасына ұсыныстар msvgeo@gmail.com мекенжайы бойынша 2017 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.
“Стратегический план развития Орхусского движения” (Могилюк) баяндамасын жүктеу)
“Регистр загрязнения в Казахстане: инструмент для НПО” (Скальский) баяндамасын жүктеу
“Финансовая устойчивость Орхусских центров” (Изтелеуова) баяндамасын жүктеу