10 инновационных производств заработают в Восточном Казахстане

Дереккөз: www.24.kz

d307c3b38200ad0f%d1%8f%d1%87%d0%b2%d1%84%d0%b24613b1255168fbbc_l

Соңғы 5 жылда Шығыс Қазақстан өңірінде заманауи технологияға негізделген бірнеше өндіріс орны құрылды.

Солардың бірі – «Қазмырыш» зауытының Малеев кеніші. 2014 жылдан бері кенді автоматтандырылған жүйемен қазып келеді. Жуырда Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде кәсіпорын жобаны нақты іске қосты.

Облыс бойынша түсті металдарға ең бай кеніштердің бірі – Малеев. Қазір жер астындағы кеннің 19-20-қабаты қазылып жатыр. Бұл шамамен 1 шақырамдай тереңдікте. Кенді қазу, тиеу және оған  жұмылдырылған техинканың бәрі автоматты басқарылады.

Максим Красиков, Малеев кенішінің басшысы:

– Автоматтандырылған жүйе, өндірісті басқарудың жаңа тәсілі. Кенді қазу мен тиеу кезінде қандай да бір техникалық ақау болса, жедел шешім қабылдауға қолайлы. Кеніш қабаттарында, неше техниканың жүргенін және жұмысқа қашан қосылып, қанша кен өндіргеніне дейін көріп, бақылап отырамыз.

Өскемен арматура зауыты да инновация иглігін игере бастады. Кәсіпорын қазір мұнай-химия және гидрология саласына қажет жапқыш шүмектер мен крандардың түр-түрін шығарады.

Николай Кривосеенко, зауыттың бас инженері:

– Қазір біздің зауыттағы станоктардың барлығы автоматтандырлыған. Тіпті жапқыш шүмектер мен крандарды да заманауи құралмен дәнекерлейміз. Нәтижесінде жұмыс уақыты екі есеге қысқарды.

Өңірде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама басталғалы 71 жоба қолға алынған. Нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

Мақсат Мүсәпірбеков, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы: 

– Ағымдағы жылдың 11 айында 1 триллион 400 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. 2017 жылы 6 инвестициялық жоба іске асырылған. Жалпы сомасы 380 миллиард теңгені құрайды.

2018 жылы да құны 226 миллиард теңгенің 10 жобасы іске асырылмақ. Оның үшеуін шетелдік инесторлар қаржы салып, жұмысты бастап қойды.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин