Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайды жақсарту туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндамасын әзірлеуді ұйымдастырады.
Ұлттық баяндамада аймақтардағы экологиялық мәселелер туралы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша; негізгі қоғамдық маңызды экологиялық проблемалармен қоса, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы мәліметтер көрініс табады.
2016 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтының «Экология» бөлімінде (http://energo.gov.kz/index.php?id=8340) жарияланды.
Ұлттық баяндамада қоршаған орта жайдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзара байланысын сипаттайтын нақты көрсеткіштер ұсынылған. Көрсеткіштер топтар бойынша ұсынылды: атмосфералық ауа, климаттың өзгеруі су ресурстары, биоәртүрлілік, жер жесурстары, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, қалдықтар. Ұлттық баяндамада сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарындағы экологиялық жағдай ұсынылған.
Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп дайындалды.