Қазақстанда заманауи стратегиялық экологиялық бағалауды енгізу жөніндегі заңнамалық түзетулердің алғашқы жобасы әзірленді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне елімізде стратегиялық экологиялық бағалаудың (СЭБ) заманауи жүйесін құруға бағытталған, халықаралық стандарттарға, атап айтқанда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының СЭБ жөніндегі Хаттамасына сай заңнамалық түзетулердің алғашқы жобасы таныстырылды.

СЭБ – бұл мемлекеттік жоспарлау кезеңінде қолданылатын және стратегиялық мемлекеттік құжаттарды (мемлекеттік жоспарларды, бағдарламаларды, стратегияларды, тұжырымдамаларды және т.б.) әзірлеу және бекіту барысында экологиялық факторларды ескеруге арналған тиімді құрал. СЭБ қоршаған орта мен адам денсаулығына деген қайтымсыз кері әсердің күні бұрын алдын алуға септігін тигізеді. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеушілер СЭБ нәтижесі бойынша экономикалық қана емес, сондай-ақ экологиялық аспектілерді ескеретін нақты ұсыныстарға ие болады.

Ұлттық және халықаралық сарапшылар әзірлеген СЭБ жөніндегі экологиялық кодекстің жаңа тарауының алғашқы мәтіні Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰ ЕЭК және  ЕҚЫҰ қатысқан сараптау отырысында талқылаудан өтті (2018 жылғы 26 сәуірде).

Пікірталасқа мемлекеттік биліктің салалық органдарының мамандары,  БҰҰ ЕЭК және  ЕҚЫҰ халықаралық кеңесшілері, ұлттық кеңесшілер және жұртшылық қатысты. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер сарапшылардың алдағы жұмысында ескерілетін болады және 2018 жылғы күздегі қарауға, 2019 жылғы бекітуге шығарылатын болады.

Жақында, 2018 жылғы 25 сәуірде жұмыс тобы Қазақстандағы қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде реформалау тұжырымдамасына оң баға берді. Аталмыш тұжырымдама халықаралық стандарттар мен Эспо Конвенциясы талаптарына сай келетін жаңа, заманауи ҚОӘБ жүйесін енгізуді көздейді. Осы негізде ол аталған тұжырымдаманы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының қарауы мен келісімдеуіне жолдауды ұсынды.

Еске салсақ, ҚОӘБ пен СЭБ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бастамасымен өткізіліп отыр және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ-ның «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуін қолдау» атты бірлескен жобасының, ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Швейцария үкіметінің қолдауымен іске асырылуда.

img_2297 img_2305 photo_2018-04-28_18-17-52 img_2314