ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы сәуірдің 25-нен 27-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Атырау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Светланд-Ойл» ЖШС; «Caspian Offshore Construction Realty» ЖШС (Каспиан Оффшор Констракшн Реалти); «Батыс Пауэр» ЖШС; «Полимер Продакшн» ЖШС; Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; «Қазақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС; «Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; «Азиялық Газқұбыры» ЖШС.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
- І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
- Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
- Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Дәріс оқығандар:
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.