Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 1 маусымда Астана қаласында төртінші жыл сайынғы Carbon-KZ Халықаралық форумы өтті.
Форум ұйымдастырушылары: ҚР Энергетика министрлігі, «Жасыл Даму» АҚ және Еуропалық энергетикалық биржаның (EEX) қолдауымен «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, «Каспий» Тауар биржасы» АҚ.
Форум жұмысына бейінді министрлік өкілдері, «Жасыл Даму» АҚ, халықаралық спикерлер, табиғат пайдаланушылар, брокерлер, қаржы институттары, сондай-ақ Еуропалық одақ сауда биржаларының өкілдері қатысты.
Форум қатысушылары парниктік газдар шығарындыларын реттеуге, Қазақстан Республикасындағы заңнаманы өзгертуге, көміртегі бірліктерінің биржалық нарықтағы жағдайына және олардың сауда перспективаларына, биржалық сауда-саттықтағы нарық қатысушыларының рөліне, операциялық және қаржылық тәуекелдерді басқаруға, клирингке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі