Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу жобасы шеңберінде электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінің азайтуына байланысты реттеушілік әсеріне талдау жүргізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының» 7-тармағы 2-тармақшасына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы 2018 жылы 23 тамызда Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, 703 кабинет мекен-жайы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.
Аталған дөңгелек үстелге қатысу үшін a.kairgalieva@energo.gov.kz электронды мекен-жайына Т.А.Ж. жолдау қажет.