ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қыркүйектің 19-нан 21-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ,
«Каспий нефть» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «Конгресс молодежи Казахстана Павлодарской области» ҚҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Экологиялық ақпарат беру;
- Қазақстандағы ластаушы заттардың шығарылуын және аудару тізілімін енгізу;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
- Автоматтандырылған мониторинг жүйесі. Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар;
- ҚОӘБ жобаларын әзірлеу. Талаптар және бағалау критерийлері;
- Экологиялық реттеу. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспары және т.б.
- Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар;
- Жобалардың экологиялық сараптамасын, соның ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізу;
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.