Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылы 23 қазанда Алматыдағы «Атакент» ҚІСО Орталық Азиядағы энергетика саласындағы ең негізгі іскерлік оқиғалардың бірі – «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина құрылысы» – Powerexpo Almaty 2018 17-ші Халықаралық Қазақстандық көрмесі өз жұмысын бастайды.
Үш күн ішінде көрмеде мамандардың назарына кабельдік-өткізу өнімдері, электротехникалық, жарық техникалық, конденсаторлық жабдықтар, бақылау-өлшеу аспаптары, монтаждау құралдары, гидроэнергетикадағы және заманауи энергетикалық кешендер құрылысындағы заманауи технологиялар, сонымен қатар энергетикалық салаға арналған қызметтердің түрлері ұсынылады.
Жыл сайын Powerexpo Almaty экспоненттердің санының тұрақты өсуі мен шетелдік компаниялар тарапынан қызығушылықтың артуын көрсетеді. 2018 жылы көрмедегі тауарлар мен қызметтерді Австрия, Әзірбайджан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Украина, Өзбекстан, Чехия сияқты 12 елден келген 80 астам компания ұсынады. 20 астам кәсіпорын Германия мен Қытай ұлттық стендтерін ұсынбақ.
Powerexpo Almaty көрмесінің 30% астам қатысушыларын Alageum Electric, Savoir Faire, VALSA, Астана электротехникалық зауыты, Бреслер СҮ, КЭМОНТ, Өскемен конденсатор зауыты, Силумин-Восток, Электросервис ӨФ, ЭНСТО Қазақстан және тағы басқа жетекші қазақстандық компаниялар құрайды.
Baku Cable Goknur (Азербайджан), Lampar SRL (Италия), KMB Systems (Чехия), Omicron Electronics GmbH (Австрия), Sieyuan Electric co., LTD (Қытай), Tyco Electronics Raychem GmbH (Германия), Untel Kablolari Sanayi ve Ticaret AS (Түркия), МИР ҒӨБ, Свердлов ток трансформаторы зауыты (Ресей) және т.б. шетелдік тәжірибелерімен бөлісетін болады. Чуваш Республикасының ұжымдық стенді өз өңірінің кәсіпорынын ұсынбақ.
Осы жылғы көрменің дебютанттары – Cyber Power Systems, Kabel Tech Energy, KMB Systems, NTE, UGS, Untel Kablolari Sanayi ve Ticaret AS, Volta Macchine, Ай-Тор, Джистар, Қазақ техникалық даму институты, Кисан, Пермспецкабель ӨКФ, Сумгаит технологиялық паркі.
Бүгінде Қазақстан Астанда өткен ЭКСПО-2017 ұсынылған энергия үнемдеу технологиясын енгізу жолымен, отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды оңтайландырып, табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттырып және «жасыл» инфрақұрылым жасай отырып, біртіндеп «жасыл экономикаға» өтуді іске асыруда.
Республикадағы жел және күн бойынша едәуір ресурстық әлеуеттің болу факторын, ұдайы техникалық прогрестің және жасыл энергетикадағы жабдық құнының төмендеуін ескере отырып, Powerexpo Almaty 2018 көрмесі өзекті проблемаларды кеңінен талқылау, жаңа технологиялардың тұсаукесерлері мен тәжірибе алмасудың арқасында энергетика саласындағы отандық өндіруші компаниялардың және шаруашылық етуші субъектілерінің әлеуетін ашады және күшейтеді.
Көрменің кәсіби дайындығы мамандарға энергия үнемдеу саласындағы заманауи үрдістермен, энергия тиімділігін арттыруға арналған жаңа құралдармен танысуға, энергия тұтыну мәдени саласындағы біліммен және зерттемелермен алмасуға және тұрғындар мен бизнес үшін энергия ресурстарының ұтымды баға саясатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Powerexpo Almaty 2018 іскерлік бағдарламасы тақырыптық дөңгелек үстелдерді, іскерлік кездесулерді және семинарларды қамтиды, мәселен, 23 қазанда семинарды ЛАПП Қазақстан және Alageum Electric компаниялары өткізеді, 24 қазанда іскерлік бағдарламаны Электроприбор компаниясы мен МИР ҒӨБ жалғастырады, ал Қазақстандық Энергоаудиторлар Қауымдастығы энергоаудит мәселесі бойынша кезекті білім беру семинарын өткізеді.
17 жыл бойы көрмені Iteca көрме компаниясы ITE Компаниялар тобымен (Ұлыбритания) өткізіп келе жатқандығын атап өту керек. Power Kazakhstan (қазіргі уақытта Powerexpo Almaty) көрмесі Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) «UFI Approved Event» белгісімен атап өтілген. Көптеген отандық және шетелдік жабдық жеткізушілер үшін Powerexpo Almaty көрмесіне қатысу бизнесті дамытудың стратегиялық перспективаларымен тікелей байланысты.
Жылы көрме «Самрұқ-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ; жетекші халықаралық және жергілікті энергетикалық компаниялардың және электр жабдықтары мен технологияларын өндіруші компаниялардың; ӨЭК, ЖЭС, ГЭС, МАЭС; өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындар энергетиктерінің және саладық мамандарының, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, энергетика одақтарының және қауымдастықтарының қатысуымен өтетін болады.
Көрме өз жұмысын 23 қазанда бастап, 25 қазанға дейін жалғастырады.
сілтмесін басып, көрмеге тегін билет ала аласыз.