Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы 2018 жылғы 10 қыркүйектен бастап табиғат қорғау бастамаларын қолдайтын, сондай-ақ «жасыл технологияларды» пайдаланумен байланысты жобаларды іске асыратын ұйымдар мен азаматтар арасында «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» байқауына қатысу туралы өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
КОНКУРС МИССИЯСЫ:
— экологиялық таза Қазақстанды дамытуға себептесу;
— мемлекеттің, азаматтық қоғамның, ғылымның және бизнестің әлеуетін біріктіру арқылы экологиялық мәселелерді шешуге себептесу
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
— экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, халық арасында «жасыл экономика» қағидаларын насихаттау;
— табиғатты қорғау, экология және климаттық теңгерімді сақтау мәселелерін шешуге мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамның назарын аударту;
— экономиканың барлық салаларында инновациялық және экологиялық таза бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Жеңімпаздар Астана қаласында 2018 жылғы қарашада өтетін Бірінші экологиялық форум аясында марапатталады. Экология, «жасыл экономика» және тұрақты даму саласындағы сарапшылардан тұратын қазылар алқасы жарияланған 7 номинацияның әрқайсысында 3 жеңімпазды анықтайды:
1. Эко әкімдік
2. Эко кәсіпкер
3. Эко өндіріс
4. Эко ҮЕҰ
5. Эко мекеме (мектептер, аурухагалар және т.б.)
6. Эко тұлға
7. Эко волонтер
Негізгі іріктеу критерийі тұрғындар мен елді мекендер үшін іске асырылатын іс-шаралар мен жобалардың тиімділігі мен пайдалылығы болады.
Материалдар 2018 жылғы 20 қарашадан кешіктірмей қабылданады.