ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қарашаның 7-нен 9-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Атырау –Тенгиз Констракшн Сервис» ЖШС; «ТеңізСервис» ЖШС; «СКФ «Жаиксельстрой» ЖШС; Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы су» МКК; «ERG Service» (И-Ар-Джи Сервис) АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Экологиялық кодекстегі өзгертулер. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтары саласындағы заңнаманың қазіргі жағдайы және 2016, 2017, 2018 жылдардағы экологиялық кодекске енгізілген түзетулер
- I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсаттар беру
- Климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты даму мақсаттары мен көрсеткіштері.
- Экологиялық басқару
- Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
Дәріс оқығандар:
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Асанова Жанар Талгаровна – АҚ «Жасыл Даму» Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Сергазина Гульмира Халеловна – АҚ «Жасыл Даму» бас директордың орынбасары;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.