2018 жылдың 9 қарашасында Женевада Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясына ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттама (бұдан әрі – Хаттама) Тараптары Жұмыс тобының алтыншы жиналысы болып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша 2015-2020 жылдарға арналған Хаттаманы және оның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ықтимал нақты әрекеттердің тізімі әзірленді. Ұсынылатын әрекеттердің барлық тізімі бес негізгі бағытқа бөлінеді: ұлттық деңгейдегі интеграция; халықаралық деңгейдегі үйлестіру; хабардар болу және қол жетімділіктегі және пайдаланудағы қарапайымдылық; Хаттаманы қолдану саласы; деректер (олардың есебімен қоса, басқару және сапа).
Сонымен D1 тармағы әрекеттер тізімінде ластауыш заттардың тізімін қайта қарастыру көзделген.аталған әрекеттің практикалық маңыздылығы келесілермен түсіндіріледі:
- экологиялық есептіліктің басқа түрлерімен үлкен келісімділікке алып келеді;
- ЛШТТ өзекті болуына және экономиканың, ғылымның және саясаттың дамуынан қалмауға көмектеседі;
- кәсіпорындар мен мемлекеттер үшін есептіліктің оңтайлы құрылымын құруға ықпал етеді;
- ЛШТТ деректерінің толықтығына алып келеді;
- халық үшін ластауыш заттар шығарындылары бойынша жалпы жағдайды жақсы және түсінікті етеді;
- ЛШТТ біршама динамикалық болуға және осыған орай біршама пайдалы болуға көмектеседі.
*Барлық ұсынылатын 34 әрекетпен толығырақ ағылшын тілінде мына жерде танысуға болады