Павлодарда Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынап шығарындыларының және ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендірудің өзекті мәселелері талқыланды. 2018 жылдың 12-13 қарашасында «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу» семинары шеңберінде болып өтті.
Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығымен, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен және «Орнықты дамуға ықпал ету» орталығымен ұйымдастырылды.
Семинардың басты мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.
Семинарға 50-ден астам адам қатысты. Семинарға қатысушылардың қатарында үкіметтік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының, Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының «Орнықты дамуға ықпал ету» орталығының өкілдері болды.
Семинар барысында ластауыш заттар шығарындыларын бақылау жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар Қазақстандағы ЛШТТ-ның негізгі маңызды аспектілері турал ұсыныстарын жасады.
Семинар шеңберінде «Орнықты дамуға ықпал ету» орталығының қызметкерлерімен қоршаған ортаға сынап және басқа да ауыр металдардың эмиссиялары, қоршаған ортаға жойылуы қиын органикалық ластауыштардың шығарындылар бағасы бойынша ЮНЕП және ЕМЕП-пен әзірленген эмиссияларды бағалаудың халықаралық әдістемелерін қарастырылды. Аталған әдістемелер семинарға қатысушыларға таныстырылды және талқылауға ұсынылды. БҰҰДБ ұлттық сарапшысы Қазақстандағы сынаптың ластануының қазіргі жағдайы туралы, атап айтқанда сынап бойынша Минамат конвенциясына қосылудың оң және теріс аспектілері туралы баяндама жасады.
«ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК маманымен топтарда тәжірибелік сабақ өткізілді, онда семинардың қатысушылары (негізінен, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері) ЛШТТ бойынша онлайн-есептіліктің нұсқаларын толтырды.
Тыңдаушылар ЛШТТ бойынша есептілік жүйесін жетілдіру жолдарын және жүйеге барынша қол жеткізу мүмкіндігін қарастырды. Талқылау барысында қатысушылар ЛШТТ электрондық порталының құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бойынша өз ұсынымдары мен ұсыныстарын жасады.
Семинар шеңберінде айтылған барлық ұсыныстар семинар Хаттамасында көрініс табады және болашақта Жобаны жүзеге асыруда және Қазақстанда ЛШТТ-ды ендіруді жүзеге асыруда қолданылатын болады.