2018 жылдың 12-13 қарашасында Павлодарда және 2018 жылдың 15-16 қарашасында Ақтөбеде өткен «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркеліміне қосу» семинарлары шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері ластауыш заттар шығарындыларының көлемі бойынша шекті мәндерін белгілеуге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар ЛШТТ бойынша есептілікті қалдырып, қажетсіз есептілік нысандарынын барлығын алып тастау ұсынылды. Бұл көптеген елдерде бұл тәжірибе іс жүзінде қолданылып жатқандығымен және бұл кейде экологиялық ақпаратты жинау және беру үдерісін оңтайландыруға көмектесетіндігімен түсіндіріледі.
Семинарға қатысушылар қоршаған ортаға кездейсоқ түзілген жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен ауыр металдардың эмиссия бағаларының бейімделген әдістемелерімен танысты. Әдістемелер эмиссия факторларын пайдалануға негізделген. Өнеркәсіп өкілдері осы әдістерді қолданудың қарапайымдылығын және аталған әдіснамаларды пилотты тәртіпте өз кәсіпорындарында тестілеуді жоспарлайтындықтары жөнінде атап өтті.
Сертификатты тапсырғаннан кейінгі топтық сурет, 2018 жылдың 13 қарашасы, Ақтөбе, Қазақстан