Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ жүзеге асыру шеңберінде жұмыс тобымен ЛШТТ мәселелері бойынша халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал ететін әртүрлі тақырыптардағы ақпараттық брошюралар әзірленді.
Бірінші бюллетенге Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (бұдан әрі – ЛШТТ) деген не, ЛШТТ жүргізу ережелері және сондай-ақ, I санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қандай негізгі ақпаратты ұсынуы қажеттілігіне назар аударатын ақпарат кіреді. Осылайша кәсіпорындар келесі деректерді ұсынуы қажет: кәсіпорынның атауы, мекенжайы және қызмет түрі, экологиялық рұқсат берудің электронды .ұсқасы, қоршаған ортаға нақты эмиссияның көлемі, мемлекеттік экологиялық бақылау және т.б. нәтижелері. Сонымен қатар бюллетенде сайтқа және Қазақстандағы ЛШТТ әлеуметтік желілердегі ресми парақтарға сілтемелер көрсетілген.
Екінші ақпараттық бюллетенде ЛШТТ негізіне жататын ақпарат, оның мақсаттары: қоршаған ортаның ластануын азайтуға және алдын алуға ықпал ететін жанама ақпарат көрініс табады
Үшінші бюллетень ЛШТТ құралының жұмысы туралы түсінік береді. ЛШТТ жұмысының механизмін барынша түсіну үшін, барлық үдеріс төрт кезеңге бөлінген: қоршаған ортаны ластауыш заттардың 86 түрі бойынша кәсіпорындармен ұсынылатын есептер; алынған деректерді жүйелеу және жекелеген кәсіпорындар мен ластауыш заттар үшін ыңғайлы және қол жетімді деректер базасын құру; Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтындағы ақпараттың қол жетімділігі; және сәйкесінше ағымдағы экологиялық жағдай туралы хабардарлық деңгейді арттыру мақсатында Қазақстандағы ЛШТТ ресми сайтына кіру.
Төртінші бюллетень Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНИТАР) Оқу және Ғылыми зерттеу институтының оқыту бейне-модулдері негізінде әзірленген және ЛШТТ деректерін жинау үшін эмиссиялар бағасының төрт әдісі туралы ақпараттан тұрады: мониторинг, материалдық тепе-теңдік, эмиссия факторы және техникалық есептеулер. Бюллетенде әдістердің негізгі мәні, сондай-ақ олардың күшті және әлсіз жақтары анықталады.
Барлық ақпараттық бюллетендер халық арасында оқу семинарлары, дөңгелек үстелдер, ЖОО-дағы дәрістерде және басқа да іс-шараларда таратылады. Көптеген жұртшылық өкілдері бюллетень ақпаратымен өз достары мен туыстарымен ақпарат алмасуға дайын, бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының арасында ЛШТТ туралы білімдерінің кеңінен таралуына ықпал етеді.