2018 жылдың қаңтарында Экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жетімділігінің Ұлттық стратегиясын және ЛШТТ (Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі) жүзеге асыру шеңберіндеhttps://ru.surveymonkey.com/r/TSRFVSL сілтемесі бойынша Survey Monkey серверінде онлайн-сауалнама үдерісі іске қосылды, сонымен қатар сауалнаманың баспа нұсқасылары семинарларда, конференцияларда, қонақ дәрістерінде және жобаның жұмыс тобы ұйымдастырған басқа да іс-шараларда жұртшылыққа таратылды. 2019 жылдың басында ақпаратты жинау бойынша алаңдарды үлғайту үшін әртүрлі платформаларда https://ru.surveymonkey.com/r/GQYZH7S және https://docs.google.com/forms/d/1cOfJHn08IzcghNhPd_FzDIeA0YWVEdNUne59DReCLqs/edit. сілтемелері бойынша Survey Monkey және Google forms серверінде сауалнамалар қайта құрылды.
Деректер талдауы сауал алынғандардың 52%-ы ЛШТТ-ты жақсы біледі, 34% -ы аталған тіркелім туралы біраз естіген, ал қалған 14%-ы бұл не екенін білмейтіндігін көрсетті.
Респонденттер «өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды шығарындылары туралы ақпаратпен қоса, адам ағзасына зиянды әсерлері туралы ақпаратты алуға мүдделі ма?» деген екінші сұраққа қатысты екі нұсқада тең «иә, бұл маңызды деп ойлаймын» және «бұны білу пайдалы болар еді» деген жауаптар алынды. Сауал алынғандардың ешқайсысының «маған бәрібір, бұл мені қызықтырмайды» деген нұсқаны таңдамағандығынан, сөзсіз жұртшылықтың ЛШТТ қажеттілігін түсіну деңгейінің жоғары екендігін атап өту қажет. Бұл қазірдің өзінде халықтың өзекті экологиялық ақпарат мониторингіне және өз денсаулығын сақтауға мүдделі екендігін көрсетеді.
Сауал алынғандар (55%) ақпарат алудың ең қолайлы жолы ретінде арнайы интернет сайтты таңдады. Респонденттердің 38%-ы экологиялық ақпаратты әлеуметтік желіден алуды жөн санады. қатысушылардың қалған 7%-ының пікірі теңге бөлінді: ақпарат алудың ең жақсы тәсілі – газеттер, журналдар және семинарлар.
Сауал жүргізу барысында респонденттердің 80%-ы 25 тен 44 жас санатындағылар, 17%-ы 25 жасқа дейінгілер және 3%-ы 44-60 жастағылар екендігі анықталды.
Сауалнама нұсқасының соңында Қазақстандық кәсіпорындардың зиянды шығарындыларының бұқаралық тізілімін құрудың маңыздылығы туралы сұрақ қойылды. Аталған жағдайда пікірлер екіге бөлінді. Көпшілігі (65,5%) жұртшылық үшін экологиялық ақпараттың қолжетімділігін қолдайтындығын атап өткен жөн. Респонденттердің 17,2%-ы оның қаншалықты маңызды және қажет екенін білмейміз деп жауап берді. Қалған 17,3%-ы «ШЖК (шекті жол берілетін концентрат) және оның нормалары» дегеннің не екендігін барлығы білмейтіндіктен экологиялық ақпараттың бұқаралығының маңыздылығын түсінбейміз деп жауап берді. Алайда, болашақта сайтты қарапайым халықтың экологиялық ақпаратты толық түсіне алатындай негізгі анықтамалармен түсіндіретін ақпаратпен толықтыру жоспарлануда.