Дереккөз: www.energo.gov.kz
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстандағы БҰҰДБ-мен бірлесіп, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) қолдауымен 2019 жылғы 14 Қаңтарда Абу-Даби қаласында Дүниежүзілік энергетикалық Саммит шеңберінде «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту» тақырыбында сессия өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторында коммерциялық жобаларды дамыту және іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылығын арттыру болды.
Сессия Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі С. Есімханов, ИРЕНА атқарушы директоры Гурбуз Гонулдың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар ЕҚДБ, БҰҰДБ, РФО, күн энергиясы қауымдастығы (SPAQ), Шелл және т.б. сияқты ЖЭК мәселелері бойынша бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары презентациялармен және баяндамалармен сөз сөйледі. Өз кезегінде баяндамашылар Қазақстандағы ЖЭК даму жағдайы туралы және энергетиканың осы секторын дамыту үшін әлеуетті инвесторлар мен серіктестерді тарту үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Іс-шара барысында жеке сектордың инвестицияларын оқшаулайтын негізгі кедергілерді анықтау және ЖЭК дамытуды қолдау мен ынталандырудың жақсы жұмыс істейтін және тұрақты жүйесін құру жолы арқылы жаңартылатын энергия көздері саласындағы Қазақстанның орасан әлеуетін іске асыру әдістері туралы сапалы сараптамалы диалог қалыптасты.
Ашық пікір алмасудың арқасында қатысушылар инвестициялауға кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің бірқатар тиімді жолдарын ұсынды.
Осы сессия шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен «ЮКСЭС-50» ЖШС (Risen Energy компаниясы қаржыландыратын) арасында Шолаққорған күн энергетикасы бойынша жобаны қаржыландыру үшін Қарыз туралы келісімге қол қойылды. ЕҚДБ 17 миллиард теңгеге (шамамен 45 миллион АҚШ доллары) дейінгі соманы бөледі және қосымша 10 миллион АҚШ долларына жуық жасыл климаттық қор бөлетін болады.
Бұдан басқа, дүниежүзілік энергетикалық саммит алаңында өткен негізгі іс-шаралар шеңберінде “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ мен жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (ИРЕНА) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен осындай іс-шаралар Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және ілгерілету бойынша тиімді құрал болып табылады деген ортақ пікірге келді.
Іс-шараға Қазақстанда инвестицияларға қызығушылық танытатын 20-дан астам шетелдік компания қатысты.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі