Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясына (бұдан әрі – Хаттама) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне қатысты «Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының хаттамасы 2003 жылғы мамырда Киевте «Еуропа үшін қоршаған орта» Министрлердің бесінші конференциясында қабылданды. Хаттама 2009 жылғы 8 қазанда күшіне енді.
Аталған Хаттама жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысуы үшін құқықтық базаны қамтамасыз етеді, сонымен қатар ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының ұлттық тіркелімін қолдайды және оны дамуына және түрленуіне жұртшылықтың қатысуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) бұрынғыдай экологиялық проблемаларды шешуге белсенді тартылған, экологиялық проблемалар туралы ақпараттандыруды арттырады және тұрақты дамуға ықпал етеді. Қазіргі таңда ҮЕҰ, сонымен қатар экологиялық мониторинг жүргізумен, экологиялық білім беруді ынталандырумен, мүдделі тараптардың әлеуетін арттырумен, бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын орнатумен айналысады. Сонымен Қазақстанда ЛШТТ жобасын жүзеге асыруға ҮЕҰ маңызды рөл атқарады. ҮЕҰ ЛШТТ туралы білімді тиімді ендіруге және таратуға жәрдемдеседі және төмендегілерді орындай алады:
- ЛШТТ туралы Хаттамада қамтылған ақпаратты жинау, талдау, тарату;
- ЛШТТ Хаттамасының орындалуына мониторинг жүргізу;
- Ұлттық нұсқаулықтарды, ластауыш заттар эмиссиясын бағалау әдістемесін әзірлеуге үлес қосу;
- ЛШТТ туралы жұртшылықты ақпараттандыру бойынша компанияларды ұйымдастыру;
- Әртүрлі мүдделі тараптармен қоса өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесуіне арналған алаңды құру.
- Халықаралық, ұлттық және аймақтық деңгейлерде ЛШТТ туралы Хаттаманың негізгі қағидаттарын насихаттауға ықпал ету және т.б.
Қазақстанда осындай ҮЕҰ бірі «Орнықты дамуға жәрдемдесу орталығы» (бұдан әрі – Орталық) болып табылады. Қазіргі таңда Орталық ЕҚЫҰ-ның және Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен ластауыш заттар эмиссияларын бағалау бойынша ұлттық нұсқаулықтар мен тұрақты органикалық ластауыштар мен ауыр металдар эмиссияларын бағалау бойынша әдістеме жобаларын әзірледі.
Сонымен қатар Орталықтың халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынасымен өнеркәсіп және басқа мүдделі тараптардың өкілдері үшін 6 оқыту семинар-тренингі өткізілді.
Орталықтың мысалында Қазақстанда ҮЕҰ құралдарын ендіруде және дамытуда ҮЕҰ-ның маңызды рөлін атап өтуге болады. Болашақта бизнес сектор, мемлекет, ҮЕҰ және жұртшылық арасындағы ынтымақтастықтың сауатты платформасын құруды жалғастыру жоспарлануда. Мұның барлығы ЛШТТ қатысты мәселелерді жан-жақты қарастыруға және шешуге көмектеседі, нәтижесінде ел экологиясының жақсартуға алып келеді.