Дереккөз: www.energo.gov.kz
2019 жылғы 14 ақпанда ҚР Энергетика министрлігінде Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеу институтының қолдауымен «Планета» жұмыс тобының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру туралы азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Жиналыста 40-тан астам мемлекттік органдар, ҮЕҰ, азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты – Қазақстан үшін маңызды тұрақты даму міндеттерін және мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына ТДМ көрсеткіштерін декомпозициялау бойынша одан әрі қадамдарын анықтау болып табылады.
«Планета» ЖТ ТДМ жұртшылықпен қайта талқылау 2019 жылғы 22 ақпанға жоспарланған.
Анықтама ретінде:
«Планета» жұмыс тобы Энергетика министрінің 2018 жылғы бұйрығымен құрылған және ОДМ 5 сұрағы бойынша 46 міндетті және 56 көрсеткішті қамтиды.
1) 6 мақсат. «Су ресурстарын ұтымды пайдалану және барлығы үшін қуәпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету» 8 міндет, 11 көрсеткіш;
2) 12 мақсат. «Тұтыну мен өндірістің оңтайлы үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету», 8 міндет, 13 көрсеткіш;
3) 13 мақсат. «Климаттың өзгеруі бойынша шұғыл шаралар қабылдау және салдарларымен күрес», 5 міндет, 8 көрсеткіш;
4) 14 мақсат. «Орнықты даму негізінде мұхиттарды, көлдерді және көл ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау», 10 мақсат, 10 көрсеткіш;
5) 15 мақсат. «Жер үсті экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жердің тозу процесін тоқтату және жою және биотүрлілік процесінің жойылуын тоқтату» 12 міндет, 14 көрсеткіш.