Дереккөз: www.24.kz
Қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының Жасыл климат қорының қаржыландыруына қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен ынтымақтастық аясында және Қазақстан энергетика министрлігі қолдауымен оңтүстіккореялық Сондо қаласында орналасқан Green Climate Fund штаб-пәтерінде болған. Қор қызметкерлеріне елімізде парниктік газдардың үлесін азайтуға және климаттың өзгеруінің салдарын төмендетуге арналған жобалар ұсынылды. БҰҰ қоры өкілдерінің айтуынша, қазақстандық концепциялар теңдестірілген және адамдар денсаулығына жақсы әсер тигізеді.
Біржан Евниев, БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасының сарапшысы
– Кәсіпкерлер көмір аз кететін қазандықтар орнатады. Бұл арқылы мектептердің қаржысы үнемделеді. Егер банкте жылдық мөлшері 14-15 пайызын құрайтын болса, біз он пайызын төлейміз. Бұл бизнес үшін жақсы жеңілдіктер.
Денис Есентаев, Кәсіпкерлікті дамыту қоры департаментінің директоры:
– Қаржыландыруға жағдай жасау мәселесімен қатар біз техникалық көмек көрсету, жасыл технологиялар аясында қордың әлеуетін арттыру бойынша оқыту, Қазақстанның шағын және орта бизнес нарығында жасыл сегментті айқындау мәселесін шешуге келістік.