ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы ақпанның 20-нан 22-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғат пайдаланушыларды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: Норт Каспиан Оперейтинг Компани H.B. (NCOC), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, Астана қаласындағы «Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы» мекемесі, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК.
Семинарларда келесі мәселелер қарастырылды:
- Мемлекеттік экологиялық бақылау;
- Қалдықтар саласындағы заңнама;
- ҚОӘБ өткізудің ерекшеліктері;
- Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
- Қалдықтарды қайта өңдеу, қалпына келтіру. Халықаралық тәжірибе;
- Экологический аудит.
Дәріс оқығандар:
Бөкенова Саида Бекболатқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Сәдуақасова Әлия Малайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Әбдірахманова Жанар Бүркітқызы – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Ақмарал Наурызбайқызы – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Табиғи ресурстар кадастры басқармасының басшысы;
Тоқтасынова Тоты Қылышбекқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Үмбетқызы – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы
Балабаева Алтын Ибрагимқызы – ҚР ЭМ “ҚОҚ АТО” ШЖҚ РМК МЭАҚ департаментінің директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.