Дерекөз: www.energo.gov.kz
2019 жылғы 5 наурызда Минск қ., «Беларусь, Украина, Қазақстан және Арменияда озонды бұзатын заттарды (ОБЗ) және орнықты органикалық ластағыштарды (ООЛ) кәдеге жаратуды келісілген басқару (өңірлік таныстыру жобасы)» Жобасының Өңірлік Басқарушы Комитетінің (бұдан әрі – ЖБК) бірінші отырысы өтті.
ЖБК құрамына жобаны ұлттық деңгейлерде саяси басқаруды және ведомствоаралық үйлестірушілік қолдауды жүзеге асыратын Жобаны іске асыру елдерінің атқарушы министрліктерінің өкілдері, Беларусь пен Қазақстан ұйымдарының өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі өкілдері, «Жасыл Даму» АҚ, БҰҰӨД, БҰҰДБ өкілдері кірді. Отырыста басшылық еткен Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Александр Корбут.
Қатысушы елдерде ОБЗ және ООЛ қазіргі жағдай туралы туралы баяндамалары, 2019 жылға арналған жобаның жұмыс жоспары тыңдалды және өңірлік және жаһандық маңызы бар мәселелер бойынша негізгі серіктестермен өзара іс-қимыл бойынша шешімдер әзірленді.
Тоңазытқыш жабдықтарды жинау және кәдеге жарату және қауіпті қалдықтарды басқарудағы Беларусь тәжірибесін зерделеу үшін 6 және 7 наурызда қатысушылар Беларусьте электр және электрондық жабдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын «БелВТИ» ААҚ және Беларусь Республикасының Қауіпті қалдықтарына арналған уақытша сақтау орны болып табылатын «Гомель облысының уытты қалдықтарын қайта өңдеу және жою кешені» ЖБК қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі кәсіпорындарға барды.
Жобаны Басқарушы комитетінің келесі отырысын Қазақстанда ағымдағы жылдың соңында өткізу туралы шешім қабылданды.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі