Дереккөз: www.24.kz
Нұр-Сұлтан қаласында 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Біз – таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.
2019 жылдың 26 наурызы мен 26 мамыры аралығында қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру мен көгалдандыру бойынша «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы, сондай-ақ 20 сәуір мен 11 мамырда «Біз таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.
Ал 20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен 1665 бірлік көлемінде жаппай ағаштар отырғызу жоспарлануда.
Сондай-ақ көгалдарды тазарту, ағаштарды ағартып әктеу және қоқыстарды рұқсатсыз төгетін жерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа 20 сәуірде жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар 26 наурыздан бастап қазіргі таңда қаланың «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясын өткізу кезеңінде ұйымдар, ПИК және коммуналдық қызметтер 1299,15 тонна қалдықты жинап шығарды.