ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 14-16 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына семинар өткізді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:
- Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу;
- Парниктік газдарды реттеу саласындағы есептілік пен парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар беру;
- Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
- Экологиялық ақпарат беру;
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар;
- Мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі;
- Экологиялық аудит;
- Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу;
- Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу;
- Профилактикалық бақылау және т. б.
Семинарға «Мунай Сервис, Лтд» ЖШС, «Эмбамунай» ЖШС, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС өкілдері қатысты.
Қатысушыларға соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасы ұсынылды.
Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.