Источник: inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ғалымдар ілбісті (қар барысы) фототұзаққа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды
«Қазақстанда 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді.Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатуда. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген», – деді Сәкен Ділдахмет.
Оның айтуынша, бұл суреттердің бәрі жануарларды сақтауға бағытталған шаралардың нәтижесі.