БҰҰ ЕЭК 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстанды қоршаған ортаны «ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі туралы хаттаманы (ЛШТТ туралы хаттама) ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны (Орхус конвенциясы) бекіту туралы» конвенцияға ратификациялаған елдердің тізіміне енгізді. Біздің еліміз ЛШТТ туралы хаттамаға қосылған отыз жетінші тарап және Орталық Азиядағы бірінші ел болды.
ЛШТТ қоршаған ортаға ластауыш заттардың шығарындыларын реттеу, жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізу және қоршаған ортаның ластануына байланысты проблемаларды шешуде тиімді рөл атқару мүмкіндігі саласындағы маңызды құрал болып табылады.
ЛШТТ – бұл ұлттық деректер базасы немесе ауаға шығарылатын, су мен топыраққа шығарылатын, қауіпті химиялық заттар мен ластаушы заттардың, сондай-ақ өңдеу немесе кәдеге жарату үшін басқа жерден шығарылған қалдықтардың тіркелімі. ЛШТТ туралы хаттамаға қосылу Қазақстанға кәсіпорындардың ластауыш заттар шығарындылары мен қалдықтардың тасымалдануы туралы ашық және тиімді есеп беруіне көмектеседі және өнеркәсіптік объектілерден және басқа да көздерден ластауыш заттарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ЛШТТ туралы хаттаманың және басқа халықаралық экологиялық конвенциялардың, климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Негіздемелік конвенциясы, қауіпті қалдықтардың шекарааралық тасымалын бақылау және оларды жою туралы Базель конвенциясы және т.б. деректертері арасында байланыс болады.
ЛШТТ сонымен бірге Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізуді көздейді, атап айтқанда 3 (жақсы денсаулық және әл-ауқат), 6 (таза су және санитария), 9 (өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым), 11 (тұрақты қалалар мен елді мекендер), 12 (тұрақты тұтыну және өндіріс) және 16 (тұрақты даму мүддесінде бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу).
Хаттама 2003 жылғы 21 мамырда Киевте қабылданған ЛШТТ бойынша жалғыз заңдық міндетті халықаралық құжат болып табылады, ол күшіне енді және 2009 жылғы 8 қазанда өз Тараптары үшін заңды міндетті болды.
Орхус конвенциясы және ЛШТТ туралы хаттамаға қатысты толығырақ ақпарат: http://ecogosfond.kz/ и www.unece.org/env/pp/welcome.html.сайттарда орналастырылған.