Дереккөз – inform.kz
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында бүгін таңертең масаны ұшақпен улау жұмыстары басталды. Ол үшін екі АН-2 ұшағы пайдаланылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Мамандардың мәлімдеуінше, бір ұшаққа 1200 литр ерітінді сияды. Бір гектарға 10 литр ерітінді жұмсалады. 45-50 минут ішінде 120 гектарға дейінгі аумақ өңделеді. Жоспар бойынша бір күн ішінде 5 мың гектарға дейінгі алқап өңделмек. – Жалпы өңдеу аумағы жеті мың гектарды құрайды, – дейді «Euro ЭкоПром» ЖШС директоры Бауыржан Жанақов. – Оған барлық жағалаудағы аудандар мен Павлодар маңындағы ауылдар кіреді. Бұл алаңға үш күн бойы дезинсекция жүргізу жоспарланған. Ұшу техникасының ізімен қансорғыштармен күреске ранцтық бүріккіштері бар жұмысшылар шығады. Дернәсілдерді сапалы жою үшін, қолжетімділігі қиын жерлер қолмен өңделеді. Бұл – ұшақтар өте алмайтын бұталар мен ағаштардың өсінділері.
Мамандардың айтуынша, таңертең желдің лебі бәсең. Сол себепті дезинсекцияға таңғы төрттен бастап дайындалады. – Биылғы жылы «Бактицидті» суспензия түрінде емес, ұнтақ түрінде сатып алдық, – дейді Бауыржан Жанақов. – Оны өңдеу алдында өндіруші зауыттың нұсқауымен және ғылыми кеңестің басшылығымен препаратты өзіміз ерітеміз. Өзіміз еріткен препаратты қолдану дезинсекцияның тиімділігін арттырады деп ойлаймын. Оған қоса ұшақтардан басқа дезинсекцияға баржалар қосылады. Судағы қорғаныс тосқауылын төрт кемеде қамтамасыз ететін болады. Осы жылы мердігер компания мен биологтар аймақта масалар мен мүк популяциясын 80 пайызға азайтуды жоспарлауда.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Euro ЭкоПром» ЖШС-мен дернәсілдермен күрес жөнінде шарт жасасқан болатын. Orkin компаниясымен техникалық және «Флагман-ПВ» ЖШС-мен дезинсекцияны ғылыми сүйемелдеу бойынша консорциумда жұмыс істейді.
Мамандардың айтуынша, маса мен шыбын-шіркейдің дернәсілдеріне қарсы Bacillus stringetis бактериясы өте тиімді. Ол басқаларға зиян келтірмей, дернәсілдердің асқазан-ішек жолына түсіп, улайды. – Ертісте судың температурасы су көлемінің көп болуына байланысты күрт өзгеруі мүмкін емес, – дейді Orkin компаниясының техникалық сүйемелдеу жөніндегі өңірлік директоры Азамат Сәбитов. – Бірақ ол таяз суларға ауысқанда және жайылмаға құйылғанда жұмыртқаның, дернәсілдердің, қуыршақтың және жыныстық жетілген дарақтардың келесі сатыларының дамуы үшін температура неғұрлым қолайлы болады. Осы 3 тәулік ішінде біз авиациямен қажетті өңдеудің барлық көлемін жабуды жоспарладық.
Әңгіме ғылыми сүйемелдеу тобы ұсынған өңдеу үшін 9 әуе алаңы туралы болып отыр. Ғылыми сүйемелдеу тобы дернәсілдерге қарсы өңдеу үшін ең жоғары көрсеткіштер бар оңтайлы орындарды таңдайды.
Ең бастысы – бәрін дұрыс және уақытында жасау. – Біз метеостанцияларда, метеоқызметтерге сұраныс жасаймыз, жел жылдамдығын анықтаймыз, – дейді Азамат Сәбитов. – Жел бағыты мен күшін ескере отырып, біз дұрыс өңдеу жасай аламыз. Өйткені техника судың бетіне шамамен 5 метр деңгейде ұшады. Бұдан басқа, ересек масаларға қарсы 5 нанометрден 20 нанометрге дейін тамшылар жасайтын ыстық тұман генераторы қолданылады. Ұшпалы тамшылар көлеңкелік учаскелерге түседі. Қай жерде бактицидпен өңдеу керек екенін ұшқыштар планшеттерден қарайды. Orkin компаниясының мамандары өрістерді цифрлады және ғылыми топтың ұсыныстары бойынша ұшақтар қозғалысының траекториясын жасады. – Ұшақтың қайда екенін және қазір қай жерде өңдегенін қадағалай аламыз, – дейді Азамат Сәбитов. – Ұшқышқа максималды әсер ету үшін қай жерде өңдеу қажет екенін көрсете аламыз. Ертіс өз арнасына қайтқаннан кейін өзенге жатпайтын су қоймалары қалады. Оларда да дернәсілдер дами алады. Біз екінші тур жасаймыз. Өрістердің сандық картасы ұшақта орнатылған құрылғыда бейнеленеді.
Айта кетейік, мамандардың болжауынша, шіркейлерді улау жұмыстары 10-12 мамыр аралығында басталады.