Дереккөз – www.inform.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның алты қаласында заманауи қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасында бұл пештердің жұмыс істеуі өнеркәсіптік шығарындылар бойынша Еуропалық директиваға сәйкес келетін талаптарға сәйкес жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Еуропада мұндай зауыттар ең аз шығарындыларға ие. Мәселен, Венада Шпиттелаудың қалдықтарды жағу зауытында диоксиннің шығарындылары жылына тек 1 граммға жетеді », – деді Мағзұм Мирзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Экология министрлігінің басшысы мұндай зауыттардың құрылысы қай қалаларда жоспарланғанын айтты.
«Біз осындай зауыттарды республиканың 6 пилоттық қаласында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Әлеуетті инвесторлармен жұмыс басталып та кетті. Қазіргі уақытта біздің министрлік бұл мәселе бойынша әкімдіктермен жер учаскелерінің, инфрақұрылымның және кепілдендірілген қалдықтарды тиеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде », – деп толықтырды Мағзұм Мирзағалиев.