2019 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама жарияланды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсында сонымен қатар Бірыңғай экологиялық интернет ресурс сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде 2019 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) жарияланды.

Ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп, сараптаушы топтың қолдауымен дайындады.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабына сәйкес Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы аумағындағы нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында әзірленеді.

Ұлттық баяндамада 2019 жылғы қоршаған ортаның жай-күйі туралы мәліметтер; қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары, негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемалармен қоса, қоршаған ортаға антропогендік әсер, аймақтардағы экологиялық жағдай, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы мәліметтер көрініс табады.

Ұлттық баяндамадағы мәліметтер мен ақпараттар Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті, атқарушы, мемлекеттік органдарымен ұсынылған ресми материалдарға және мемлекеттік статистика деректеріне негізделген.

Ұлттық баяндаманың электрондық нұсқасымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/101873?lang=ru, сайтында, сонымен қатар  Бірыңғай экологиялық интернет ресурстың http://ecogosfond.kz/kz-2019-zhyl-a-arnal-an-orsha-an-ortany-zhaj-k-ji-turaly-zh-ne-r-tabi-i-resrstaryn-pajdalanu-turaly-ltty-bajandama-ru-nacionalnyj-doklad-o-sostojanii-okruzhajushhej-sredy-i-ob-ispolzovanii-prirodnyh-r/ сайтында танысуға болады.

Ұлттық баяндаманың қағаз нұсқасымен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорында танысуға болады.