Дерек көз – gov.kz
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай – ақ Ұлттық ағаш отырғызу күні шеңберінде Қызылжар орманшылығы аумағында символдық мөлшерде –30 ағаш отырғызды.
Шара “Таза табиғат” жобасы аясында жүргізілді. Бұл ағартушылық және тәрбиелік акция, оның мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйі үшін әркімнің жауапкершілігін сезінуге негізделген экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында “Таза табиғат”жобасын іске асыруды ұсынған болатын. Жобаның маңызды бағыттарының бірі-ағаш отырғызу. Экология министрлігі бұл бастаманы қолдады және “Наурыз мейрамын” мерекелеу күндері еліміздің өңірлерінде ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды акция өтті.