Қазақстанда «экологиялық білімді оқу жүйесіне интеграциялау» әдістемелік құралы таныстырылды

Тамыз конференциясында көтерілген тақырыптарлың бірі елдегі экологиялық мәдениетті дамытуға арналды. Ұстаздар қауымының мәжілісіне білім басқармасының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, ӨКМ Операторы және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Семей, Петропавл, Өскемен қалаларының білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Экологиялық білім беруді дамытудағы маңызды мәселелердің бірі – оқу үрдісіне экология тақырыбындағы материалды біріктіру. Компанияның басқарушы директоры ӨКМ Операторы Қайратғали Хайрулла «Экологиялық білімді оқу жүйесіне интеграциялау» атты алғашқы әдістемелік құралды таныстырды. Мұндай құралды мектеп бағдарламасына енгізу өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениетті оңтайлы сіңіруге мүмкіндік береді. Аталған жобада барлық мектеп пен мектепке дейінгі пәндер қамтылып отыр.

Әдістемелік құрал бес негізгі бөліктен тұрады. Бірінші бөлімде мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарға арналған математикалық және әдеби оқу материалдары біріктірілген. Екіншісінде орта және жоғары сыныптардың оқу процесіне эко-білім беруді енгізу бойынша жұмыстар көрсетілген. Үшінші бөлімде Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының экология тақырыбына арналған үздік эсселері жинақталған. Соңғы екеуі қоршаған ортаға қатысты практикалық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталып отыр.  Жинақты құрастыру үшін Нұр-Сұлтан, Теміртау, Қарағанды қалаларының және Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері тартылды. Оқу әдістемелік құрал recycle.kz сайтындағы «экологиялық білім» бөлімінде көпшілік қолдануы үшін жүктеуге қойлады.

Сонымен қатар ӨКМ Операторы «ЭкоАсар – игі істер марафоны 2021-2022жж.» акциясына бастау берді. Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Семей қалаларында экологиялық «Асар» іске қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы «ЭкоАсар» 2020 жылдың қыркүйегінде іске қосылды және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Қалдықтарды бөлек жинау мен өңдеудің маңыздылығы туралы 450 000-нан астам адам танып, білді. Былтырғы оқу жылында оқушылар шамамен 3 млн теңгеге 99 тонна қайталама шикізат жинады. Барлық жиналған қаражат қайырымдылық пен мектеп аумақтарын көгалдандыруға бағытталды.

Дерек көз – gov.kz