2021 жылғы 23 қыркүйекте жалпы отырыс барысында Сенат «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның трансшекаралық контекстінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
Министр Серікқали Брекешев заң жобасын палатаның жалпы отырысында таныстыра отырып: «Каспий теңізінде көмірсутегі шикізатының ірі қорының болуы су қоймасының экологиясы мен биологиялық ресурстарын сақтау мәселесін өзекті етеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың шарттық базасын кеңейту мақсатында Қазақстан Негіздемелік конвенцияға бірқатар хаттамаларға қол қойды. Солардың бірі – 2018 жылғы 20 шілдедегі Мәскеуде Каспий маңы мемлекеттері: Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Қазақстан Республикасы қол қойған трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Хаттама», – деп атап өтті.
Хаттаманың реттелуі мынандай қызмет түрлерін анықтады: мұнай өңдеу зауыттары; жылу қуаты 300 мегаватт немесе одан жоғары жылу электр станциялары мен басқа да жану қондырғылары; атом электр станциялары мен басқа да атом реакторлары; автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және басқада қызмет түрлері.
Министр Конвенцияның ережелерін іске асыру үшін 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енген ҚР Экологиялық кодексінде қоршаған ортаға трансшекаралық әсерлерді реттеу, оларды жүргізу тәртібі, құқықтары мен міндеттері бекітілгенін еске салды.
«Қазақстанның трансшекаралық әсерлердің пайда болуы тарапы ретінде қатысуы кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімі ел ішінде де, зардап шеккен тараптармен де қатар жүргізіледі. Мысалы, Каспийде жаңа объектілер салынған жағдайда қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына және мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ зардап шеккен тараптардың уәкілетті органдарына қатар жіберіледі. Қоршаған ортаға әсерді бағалау хаттамасында және ҚР Экологиялық Кодексінің 81-бабының 7-тармағында айқындалған, қозғалатын тараптардың органдарымен консультацияларды ескере отырып, трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізу мерзімі шамамен 6 айды құрайды», – деп толықтырды министр.
Қоғамдық тыңдауларда көтерілген мәселелер бойынша түпкілікті шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарды тарта отырып қабылдайды.
Дерек көз – gov.kz