Вегетациялық кезеңге дайындық: ЭГТРМ вице-министрі С.Қожаниязов Түркістан облысына барды

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk

Сапар барысында ол Достық магистралды каналының жағдайымен танысып, Жетісай, Мақтаарал аудандарында суармалы су тапшылығын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.

Іс-Сапардың негізгі мақсаты аймақтағы жағдайды бағалау, суару кезеңінде су тапшылығының алдын алу бойынша қажетті іс-шараларды қабылдау болды.

Вице-министр қалыптасқан су шаруашылығы жағдайын ескере отырып, оңтүстікте алдағы вегетациялық кезең өте шиеленісті өтетінін тағы да атап өтті.

Айта кету керек, Түркістан облысының аумағында 44 су қоймасы бар, оның ішінде “Қазсушар” РМК 18 су қоймасы, 11 су тоғаны, 105 магистральдық канал, 1699 шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арналар, ұзындығы 3095,12 км 408 ағызу, 1200 тік дренажды ұңғымасы бар.

Мұнда суару маусымы 1 сәуірден басталып, қазанға дейін созылады. 2022 жылғы ақпанда “Қазгидромет” РМК консультативтік болжамы бойынша маусымдық кезеңде су беру жоспары әзірленетін болады.

Бүгінгі таңда су пайдаланушылар суы аз дақылдарды егуді , ауыспалы егісті пайдалануды, моно тұқымды өсіруді азайтуды, су айналымын пайдалануды, транзиттік су жеткізуді барынша пайдалануды бастады.

Аграршылардың суды үнемдеу және тамшылатып суару технологияларын пайдалануы, ауыл шаруашылығы басқармасынан субсидиялар беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.