Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Сатылымға қойылған жер телімі Нұр-Сұлтан ботаникалық бағының аумағына жатпайды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша қызыл және көк түстермен боялған телімдер шын мәнінде ботаникалық саябаққа тиесілі және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіреді. Ал қалған периметр бойынша орналасқан аймақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қарамағында және аталған аумаққа әкімдік қызмет көрсетеді.
«2019 жылы құрамына іргелес жатқан парк аймағы кіретін астананың ботаникалық бағын құру туралы қаулы шықты. Қызыл және көк түстермен боялған телімдер ботаникалық саябаққа тиесілі. Бұл аумақтағы жер сатылмайды, құрылыс салу мүмкін емес», – деді ҚР ЭГТРМ вице-министрі Әлия Шалабекова.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық саябақ аумағындағы шамамен 14,321 гектар жер телімі сатылатыны туралы мәлімет тараған болатын.