На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Бұл туралы «Қазгеология «ҰГК» АҚ хабарлады. 2022 жылғы 16 ақпанда «Қазгеология «ҰГК» АҚ директорлар кеңесінің отырысында жаңа төраға болып осы бағытқа жетекшілік ететін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Т.А. Момышев сайланды.
Айта кету керек, бұған дейін бұл қызметті Қазіргі Экология министрі С.А. Брекешев атқарды.
Директорлар кеңесі қоғам қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын «Қазгеология «ҰГК» АҚ-ның басқару органы болып табылады.
Сондай-ақ, отырыста «Қазгеология «ҰГК» АҚ қайта құру және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ құру мәселесі талқыланды.
«Қазгеология «ҰГК» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері қатардағы қызметкерлердің штат санын, құрылымын, рәсімдік және басқа да ұйымдастыру мәселелерін оңтайландыру жөніндегі сұрақтарына жауап берді.
Нақтырақ айтқанда, «Қазгеология «ҰГК» АҚ қайта құру барысында штат санын қысқарту көзделмейді, керісінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және жаңа қызметті білікті мамандармен нығайту мақсатында штат саны сақталады және қажеттілігіне қарай ұлғайтылады.
Сонымен қатар, Геология комитетінің төрағасы Қоғамды қайта құруға байланысты сұрақтарға әрдайым жауап беруге дайын екенін атап өтті.