На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының азаматтарды қабылдауында Түркістан облысының тұрғыны тұрғын үйдің жанындағы канализациялық суағарлар туралы сөз қозғаған болатын.
Аталған факті бойынша тексеру ашылып, бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе кенті әкімінің аппараты кенттің кәріз жүйесі үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмаған. Кәріз-сорғы станциясы және тазарту құрылыстары (КТҚ) пайдалануға берілмеген. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 90 және 106-баптары бұзылған.
«Түлкібас ауданы әкімдігінің Састөбе кенті әкімінің аппараты» МКК мердігерге қатысты анықталған кемшіліктер мен оларды толығымен жоюға міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2022 жылғы 17 қаңтарда жоғарыда аталған МКК-ның талап арызын толық қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарды.
Қазіргі уақытта ағын тоқтатылды және жерді қалпына келтіру жүргізілді.