На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Бүгін ҚР Парламенті Сенатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың трансшекаралық өткізілуі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасына қатысты ұстанымын баяндады.
Бұл Келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одаққа мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қолдануын көздейді.
Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету және транзитін заңнамалық реттеу Базель конвенциясы және Экологиялық кодекс нормаларымен жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге қатысты әкелу және әкету кезінде лицензиялық тәртіп қолданылады.
Осы Келісім мүше мемлекеттердің өзара саудасы кезінде қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Қалдықтарды экспорттайтын және импорттайтын кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлардың тізбесін басшылыққа алады.
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін қалдықтарды трансшекаралық өткізуіне тыйым салынады.
Келісім талаптарын сақтау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды экологиялық негізделген түрде жоюға және қайта өңдеуге, қоршаған ортаның ластануын болғызбауға алып келеді.
Осылайша, қалдықтарды көму және (немесе) залалсыздандыру мақсатында олардың трансшекаралық өткізілуіне жол берместен қалдықтардың трансшекаралық өткізілуін бақылау және қадағалау осы Келісімге және мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.